Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатының алдын ала нұсқасы айтылды

586

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатының алдын ала нұсқасы айтылды Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Мереке Пішембаев Батыс Қазақстан облысында құлаған тікұшақтың құлауы оқиғасын тергеу барысына қатысты тілшілер сауалына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшыраған апатқа келетін болсақ, тікұшақ жаңа болған. МИ-8 тікұшағының жұмыс істегеніне бір жыл ғана болған. Оны жөндеу іс-шаралары да уақытылы өткізілген. Бұл оқиға бойынша деректер тексеріледі. Авиация әкімшілігінің қатысуымен комиссия құрылды. Қазіргі кезде апатқа ауа райы жағдайы әсер етуі мүмкін деген себеп қаралып жатыр. Басқа ештеңе айта алмаймын", деді Мереке Пішембаев.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 тікұшағы Батыс Қазақстан облысында апатқа ұшырап, соның салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Екі адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу