Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

161

Бұл туралы "Қазавтожол" Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды Фото: Мир24

2025 жылғы 3 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады: 

- "Ақтөбе-Орал" автожолының 195-248 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін); 

- "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-72 шақырым аралығы (Орал қаласынан Тасқала ауылына дейін); 

- "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 375-492 шақырым аралығы (Ақжайық ауылынан Орал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу