Батыс Қазақстанда барымташылар 44 жылқыны ұрлаған

166

Барлық ұрланған мал тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Келтірілген залал 17,6 миллион теңгені құрады.

Батыс Қазақстанда барымташылар 44 жылқыны ұрлаған Фото: Polisia.kz

БҚО криминалдық полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына тиесілі бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар тобын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Белгілі болғандай, өткен жылдың желтоқсан айында күдіктілер Батыс Қазақстан облысының ауданында жайылымда жүрген 44 жылқыны ұрлап, оларды көршілес ауданға, ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жеріне айдап әкеткен.

Ұсталғандардың екеуі бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Топ құрамында облыс орталығы мен Батыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары бар.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілердің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу