Батыс Қазақстанда демалыста жүрген құтқарушы 2 адамды өрттен арашалады

79

Тілсіз жау толық сөндірілді.  

Батыс Қазақстанда демалыста жүрген құтқарушы 2 адамды өрттен арашалады Фото: Видеодан скриншот

Өткен түні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Демалыста болған ТЖМ қызметкері 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, демалыста жүрген ТЖД қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Айбар Камидуллиев үйіне көлікпен бара жатып, пәтердегі өртті байқады. Көп ойланбастан, ол көмекке ұмтылады. Өз өмірін қатерге тігіп, өрт сөндірушілер келгенге дейін түтінге толы пәтерге терезе арқылы кіріп, екі адамды табады.

Пәтердің кілтің тауып, терезе арқылы даладағы адамдарға лақтырып жіберді. Сырттағылар есікті ашқаннан кейін, Айбар іште қалып, эвакуацияға жол ашып, адамдарды уақытында қатты түтін басқан бөлмеден алып шықты. Құтқарылғандар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өрт сөндірушілер келген кезде екінші қабаттағы пәтердің, балконның жануы, сондай-ақкөрші пәтер балконының ішінара жануы анықталды. Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метр болды.

Құтқарушылар жалынның көрші пәтерлерге таралуына жол бермей, адам шығынына жол берілген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу