БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 15 шілде күні сағат шамамен 18.50-де Тасаншеген-Сарыөмір жолының 18-шақырымында Бозай ауылы тұсында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтап, барынша абай болу керектігін еске салады", – деп хабарлады ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу