Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 7 жасар қыз қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 15 маусым күндізгі 9-да болды.
"Жымпиты-Қаратөбе жолының 75-шақырымында 40 жастағы жүргізуші мас күйде "Лада-2114" автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылған. Жол апаты салдарынан 2016 жылғы қыз бала Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда, есін жимастан көз жұмды. Жүргізуші дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді", - деді БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ибрайымов.
ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.