Батыс Қазақстанда өзін абайсызда атып жіберген полицей қайтыс болды

289

Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған болатын. 

Батыс Қазақстанда өзін абайсызда атып жіберген полицей қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Орал қаласында оқ жарақатын алған полиция қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 жастағы жігіт облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды.

Оқиға 24 маусым күні БҚО Полиция департаментінің бақылау-өткізу пункті ғимаратында болған еді. Оқ жарақатын алған полиция қызметкеріне облыстық ауруханада ота жасалған болатын.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу