Батыс Қазақстанда пышақталған құтқарушының жағдайы белгілі болды

261

Оның жағдайы бірқалыпты.

Батыс Қазақстанда пышақталған құтқарушының жағдайы белгілі болды Фото: canva.com

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте БҚО-да пышақ жарақатын алған құтқарушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқиға Батыс Қазақстан облысында болды. Біздің екі құтқарушымыз адамдарды өзеннің бір жағасынан екінші жағына қайықпен өткізді. Сол мезетте оларға жергілікті екі тұрғын келіп, оларға сөзбен тиісе бастайды. Екі тарап бір мәмілеге келіп, кейіннен тұрғындар құтқарушылардан осы жерде қанша уақыт болатынын сұрайды. Құтқарушылар тәулік бойы сонда екенін айтады. Кешкі уақытта ішімдікке тойып алған жаңағы екі тұрғын қайта келіп, төбелес шығарады. Оның бірі құтқарушыны пышақтайды. Бүгінде біздің қызметкер ауруханада жатыр, оның жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер ол айығып кетеді деп отыр", - деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.

Сөзінше, заң бұзғандар қамауға алынып, өз кінәсін мойындаған.

Айта кету керек, осыған дейін Батыс Қазақстанда 26 жастағы құтқарушы пышақталғанын жазған болатынбыз. Құтқарушыға пышақ кезеген тұрғын ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу