Батыс Қазақстанда су тасқыны болған аумақтарға дезинфекция жүргізілді

362

Тазалау шараларынан бөлек ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда су тасқыны болған аумақтарға дезинфекция жүргізілді Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, су тасқынынан зардап шеккен Бәйтерек, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарында және Орал қаласындағы саяжайларда дезинфекция жұмыстары толық аяқталған.

Нәтижесінде су тасқыны болған 7 мыңға жуық нысанға, оның ішінде тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, су құбырларына дезинфекция жүргізілді. Кейін су құбырларынан ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізілді. Нәтижелер нормативке сәйкес келді, деп жазылған әкімдіктің ресми мәлімдемесінде.

Төтенше жағдайлар мамандарымен қатар, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге Жамбыл мен Ақтөбе облыстарынан келген әскери мамандар да жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу