Батыс Қазақстанда тағы да ұшқышсыз ұшатын дрон табылды

196

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Батыс Қазақстанда тағы да ұшқышсыз ұшатын дрон табылды Фото: ratel.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Зат тұтас күйінде табылған, ақауы байқалмайды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, ұшқышсыз ұшатын дронға ұқсас зат 18 наурыз күні Қазақстан ауылдық округі Атамекен ауылынан қашық жерде табылған. Аппараттың ұзындығы – 3 метрге жуық.

Айта кету керек, осыған дейін де Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу