Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды

243

Оқиға 22 маусым күні Самара-Шымкент жолында Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам көз жұмды Фото: БҚО полиция департаменті

"43 жастағы жүргізуші "Лада Приора" автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 44 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан "Мазда" автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу