Батыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза тапты

330

Жол апатынан "ВАЗ-2104" автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза тапты Фото: видеодан алынған кадр

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 желтоқсан күні сағат 20.30 шамасында Бәйтерек ауданы Володар ауылынан 2 шақырым жерде болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аудандық маңызы бар Орал-Кирсанов жолының 14-шақырымында 1989 жылғы жүргізуші "KIA K5" автокөлігінің руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Содан кейін 1974 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан "ВАЗ-2104" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысуға жол берген.

– Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. "KIA K5" автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу