Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

1155

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 22 ақпан күні шамамен сағат 15.00-де Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 км жерде болды.

"Тойота Королла" мен "Лада Приора" автокөліктері соқтығысты.

Соның салдарынан оқиға орнында алты адам көз жұмды. Бір адам түрлі жарақатпен Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық іс аясында көліктік және трассологиялық сараптама тағайындалды, соның қорытындысына сәйкес заңды шешім қабылданады.

Жыл басынан бері облыста 29 жол-көлік оқиғасынан 14 адам мерт болып, 61 адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу