Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам мерт болды

201

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам мерт болды Фото: БҚО Полиция департаменті

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

"Сағат 22.00-де Орал-Атырау жолы бойында "ГАЗель" мен "Тойота Камри" автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Тойота Камри" автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. "ГАЗель" автокөлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу