Батыс Қазақстанда жүкті әйел босану кезінде қайтыс болды

916

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. 

Батыс Қазақстанда жүкті әйел босану кезінде қайтыс болды Фото: freepik

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында жүкті әйел босану кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылдың 15 мамыр күні Жаңақала аудандық орталық ауруханасында әйел босану кезінде қайтыс болған.

"Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Жаңақала ауданы полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, сот-медициналық сараптама қорытындысы белгілі болғаннан кейін ақпарат берілетінін жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу