Батыстағы газ тапшылығы: Энергетика министрлігі мәселелені қалай шешетінін айтты

543

БҚО-ны сұйытылған газбен қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі "Жайықмұнай" ЖШС-мен өңірге тәулігіне 50 тонна СМГ жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.  

Батыстағы газ тапшылығы: Энергетика министрлігі мәселелені қалай шешетінін айтты Фото: ortcom.kz

Қазір Энергетика министрлігі Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп өңірді сұйытылған мұнай газымен (СМГ) қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғының тоқтауына байланысты 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының өндірісі тәулігіне 500 тоннадан тәулігіне 190 тоннаға дейін төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.

8 ақпаннан бастап АМӨЗ-ден тәулігіне 50 тонна көлемінде СМГ-ны БҚО-ға тиеп-жөнелту басталды.

9 ақпанда БҚО-ға "Gas Processing Company" ЖШС (Ақтөбе облысы) ресурстарынан 200 тонна СМГ жіберу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар "Теңізшевройл" ЖШС-мен БҚО атына 1 000 тонна СМГ бөлу туралы келіссөздер жүргізілуде.

Ақпан айындағы қажеттілік 3200 тонна болған кезде бүгінгі күні өңірге 390 тонна СМГ жеткізілді.

Сондай-ақ ақпан айының соңына дейін БҚО-ға СМГ-ның мынадай көлемдері жеткізілетін болады:

  • АМӨЗ – 540 тонна;
  • Жайықмұнай – 1000 тонна;
  • Gas Processing Company – 200 тонна;
  • ТШО – 1000 тонна;
  • СНПС – 70 тонна.

Айта кетейік, соңғы бірер күннен бері Оралда сұйытылған газ тек талон арқылы сатылып жатқанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу