Баянауылдағы өртті сөндіруге әуе кемелері жұмылдырылды

351

Өрт ошақтарын жою жұмыстары үш учаскеде жүргізіліп жатыр.  

Баянауылдағы өртті сөндіруге әуе кемелері жұмылдырылды Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

Павлодар облысының Баянауыл ауданында табиғи өртті сөндіру және оның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен өрт аумағына 5 рет су тасталды. Сонымен қатар өрт ошағының периметрі бойынша минералдандырылған жолақ жүргізілуде.

Қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен үш бөлек учаскедегі өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өртті жоюға барлығы 84 адам мен 32 техника, оның ішінде 2 әуе кемесі жұмылдырылған.

Бұған дейін Павлодар облысында Баянауыл ұлттық паркіне өрт қаупі төніп тұрғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу