Баянауылдағы ұлттық парк аумағына шаруашылықтың заңсыз салынғаны анықталды

2170

Ал Баянауылдағы ерекше қорғалатын мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағын жергілікті кәсіпкердің заңсыз меншіктеп алғаны анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.        

Баянауылдағы ұлттық парк аумағына шаруашылықтың заңсыз салынғаны анықталды

Енді, аудандық мәслихат хатшысының баласына тиесілі шаруашылық, көл жағасынан көшірілетін болады. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңға сәйкес мал ұстайтын қора қопсы қорғалатын аймақтан 2 шақырым алыс болуы керек еді. Ал, кәсіпкер 800 метр жерден ферма салып тастаған. Онымен қоймай, қысты күні Біржан көлінен суат ойып, мал суарып экологиялық жүйеге теріс әсерін тигізген. Ең сорақысы, қора қопсының аумағы малдың жемтігіне толып жатыр. Тексеру өткізген тиісті мекеме заңсыздықты анықтап, сотқа талап арыз түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу