Базалық мөлшерлеме 9,00% деңгейінде сақталды

995

Ұлттық банк экономиканың өсу қарқыны бойынша болжамдарды биылғы жылы төмендеу жағына қарай қайта қарады. 2021 жылы базалық сценарий шеңберінде экономиканың өсуі 3,4%-3,7% (ж/ж) болып, 2022 жылы 3,7%-4,0%-ға (ж/ж) дейін жылдамдайды.

Базалық мөлшерлеме 9,00% деңгейінде сақталды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің баспасөз қызметіне сілтемемен

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00% болады.

"Шешім азық-түлік нарықтарындағы сақталып отырған теңгерімсіздіктерге, сыртқы сектордағы жоғары белгісіздікке, сондай-ақ инфляцияның жылдамдау тәуекелдерінің болуына байланысты экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген",– дейді Ұлттық банктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу