Базалық мөлшерлеме 9,25% деңгейде сақталады – Ұлттық банк

1286

Бас банк инфляция 2020 жылдың соңына дейін 4-6% нысаналы дәліз ішінде сақталады деп болжап отыр.

Базалық мөлшерлеме 9,25% деңгейде сақталады – Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі пайыздық дәлізді +/- 1 п.т. деңгейде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады.

"Қыркүйекте 5,3% болған іс жүзіндегі жылдық инфляция серпіні Ұлттық банктің алдыңғы болжам қорытындысы бойынша жасалған бағалауына сәйкес қалыптасуда. Халықтың инфляциялық күтулері іс жүзіндегі инфляция деңгейіне жақын қалыптасуда. 2019 жылдың соңында инфляция 5,7-5,8% деңгейде, яғни 4-6% нысаналы дәліз ішінде күтіледі. Реттелетін қызметтерге және азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне баға серпініне байланысты инфляциялық тәуекелдердің болуына қарамастан, инфляция 2020 жылдың соңына дейін аралықта 4-6% нысаналы дәліз ішінде сақталады",– делінген бас банктің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу