Базалық мөлшерлеме өзгерді

2649

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25%-ға көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Базалық мөлшерлеме өзгерді

"Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25% болады", – деп жазылған Ұлттық банк баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шешім инфляциялық күтулерді төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіруіне сәйкес қабылданған.

"Қазақстанның негізгі сауда әріптесі болып саналатын елдерде инфляцияның жоғары деңгейі байқалуда. Соңғы айларда дезинфляциялық процестердің болуына қарамастан, ішкі конъюнктура сұраныс тарапынан, сол сияқты ұсыныс тарапынан да инфляцияға қарсы елеулі тәуекелдердің болуымен сипатталады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу