Базалық мөлшерлеменің нақты деңгейі экономикалық белсенділікті ынталандырады – Ерболат Досаев

685

Азық-түлікке жатпайтын тауар бағасының жылдық өсуі 5,5% деңгейінде сақталды.

Базалық мөлшерлеменің нақты деңгейі экономикалық белсенділікті ынталандырады – Ерболат Досаев

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қыркүйекте жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталғанын жариялады. 

"Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі тамызда 10,9-дан 10,8%-ға дейін баяулады. Ет, сүт өнімдері, жұмыртқа бағасы сәл арзандады. Азық-түлікке жатпайтын тауар бағасының жылдық өсуі 5,5% деңгейінде сақталды. Ақылы қызметтерге бағаның жылдық өсуі тамызда 3,4%, қыркүйекте 3,6%-ға дейін өсті. Ұлттық банктің қыркүйектегі инфляциялық күтуі бойынша үй шаруашылықтарына жүргізген пікіртерімінің қысқа және ұзақмерзімді бағалаудағы даму перспективасы оң болды. Қыркүйекте жылдық инфляция 7% деңгейінде сақталды", – деді Ерболат Досаев.

Министрдің мәлімдеуінше, жылдық инфляцияны біртіндеп бәсеңдету үшін базалық мөлшерлеме 7 қыркүйекте +/-1,5% дәлізбен 9% деңгейінде сақталды. 

"Базалық мөлшерлеменің нақты деңгейі инфляцияның өсуін тежеп қана қоймай, экономикалық белсенділіктің қалпына келуін ынталандырады", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу