Beeline "ақылды бұзауын" таныстырды

893

Бұл технология қазір сынақтан өткізіліп жатыр.

Beeline "ақылды бұзауын" таныстырды

Beeline ауыл шаруашылығына арналған "ақылды" технологияны таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Beeline IoT (Бұйымдар Интернеті) экожүйесін салуда, ол малдың жүрген жерін анықтауға, жануардың күйін қадағалауға мүмкіндік береді. Технология мәліметтерді жолдаудың Narrow-Band IoT (NB-IoT) стандартын пайдаланады, ол мобильді байланыс желілері арқылы "Бұйымдар интернетін" кеңінен дамыту үшін арнайы жасалған.

"Қолданатын жүйеміз басқалардан арзан, құрылғы автономды режимде ұзақ уақыт (бірнеше жыл) жұмыс істеп, алыс ара қашықтыққа деректерді жібере алады және Beeline желілерінде жұмыс істей алады. Павлодар облысында сынақтық аймақты аштық, бастапқы кезеңнің өзінде-ақ IoT технологиясын ауыл шаруашылығында қолданудың фермерлерге тигізетін пайдасы көрініп тұр", – деді Beeline Қазақстанның IoT-ты дамыту қызметінің жетекшісі Марат Аукетаев.

Павлодар облысындағы сынақтық жобаның негізгі міндеті – IoT технологиясы арқылы сүт фермасының тиімділігін арттыру. "Бұйымдар интернетін" қолданудың арқасында сауын сыйырлардың күйін қадағалап, пайдасын арттыру және кәсіпорынның операциялық тиімділігін 30%-ға дейін көтеру. Қазақстанның басқа да шаруа қожалықтары жобаға қызығушылық танытуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу