Бейбіт Исабаев қызметке тағайындалғанда "командасын" жинамағанын айтты

169

Әкім облысқа өзімен бірге тек көмекшісін алып барған.

Бейбіт Исабаев қызметке тағайындалғанда "командасын" жинамағанын айтты Фото: rg.ru

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақтағы кадрлық құрамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер әкімнен Жетісу облысына қызметке барған соң өзімен бірге елордадан басшылық лауазымға қанша адамды алып барғанын сұрады.

"Бір адам алып бардым. Ол – менің көмекшім. Сенат депутаты болып жүрген кезде бірге жұмыс істегенмін, әлі күнге дейін көмекшім болып істеп келеді. Басқа бірде-бір адам алғаным жоқ. Басшылық құрамдағы адамдардың барлығы Жетісу облысының азаматтары. (...) Тіпті менен басқа Алматы облысында туған азаматтар жоқ. Барлығы Жетісу облысында туып-өскен. Әкімдерінің бәрі сырттан келген жоқ, ауданның әкімдерінің барлығы жергілікті кадрлар. Сондықтан командалық деген ол өткен заманның елесі. Оны ұмыту керек. Мен ондайға ешқашан бармаймын", – деді Бейбіт Исабаев.

Айта кету керек, осыған дейін Жетісу облысының әкімі өңірде үш ауысымды мектеп жоқ екенін айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу