Жетісу облысының әкімі өңірде үш ауысымды мектеп жоқ екенін айтты

218

Аймақта 315 мектеп бар.  

Жетісу облысының әкімі өңірде үш ауысымды мектеп жоқ екенін айтты Фото: Үкімет

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірлердегі мектептерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде үш ауысымда оқитын және апаттық жағдайда тұрған мектептер жоқ. Тек бейімделген 41 мектеп бар. Сондықтан оқушылардың орны жетіспейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен мұны ресми түрде айта аламын. Бейімделген мектептерге келсек, келесі жылы 4 мектеп салу жоспары бар. Биылдың өзінде 3 мектеп салдық. Прокуратура арқылы шетелге заңсыз сыртқа шығарылған қаражат есебінен 2 мектеп салынды. Талдықорғанға тағы 1200 орындық мектепті қостық. Менің ойымша, алдағы екі жылдың ішінде бейімделген мектептерді стандартқа сай мектептерге жеткізуіміз керек", – деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісуға қарағанда Алматы облысында үш ауысымды мектептер көп. 

"Бұрын екі облыс болып тұрғанда көп адамның балалары сонда мектеп барды. Енді олар ауысып кеткеннен кейін, бала-шағасымен көшіп кеткеннен кейін, мына мектептерде баланың саны жетіспейді деген ақпарат дұрыс емес", – деп түсіндірді өңір әкімі.

Айта кету керек, осыған дейін  2025 жылы Жетісу облысында 7 мектеп салынатынын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу