Бейбіт митингіні қандай жағдайда рұқсатсыз өткізуге болады?

1275

Әкімдіктің әрекеті бақылауда болады. 

Бейбіт митингіні қандай жағдайда рұқсатсыз өткізуге болады?

Мәжілістің жалпы отырысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әкімдіктің келісімінсіз өткізілген митинг қандай жағдайда заңды деп танылатынын түсіндірді. 

Министрдің мәлімдеуінше, әкімдік бейбіт митинг өткізілетінінен хабардар болса, алайда ешқандай шара қолданбаса, митинг өткізуге рұқсат берілген болып саналады. 

"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасының тағы бір новелласында жергілікті атқарушы билік бейбіт митинг өткізу туралы өтінішке жауап бермесе, митинг өткізуді заңды деп санау туралы ұсыныс жасалды", – деді Дәурен Абаев.

Оның сөзінше, жаңа заң жобасында бейбіт митинг өткізуге арнайы орын белгіленуі тиіс екені нақтыланған. 

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заң жобасы талқыланды.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу