Бейрутта қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ – Мұхтар Тілеуберді

957

Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. 

Бейрутта қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ – Мұхтар Тілеуберді Фото: reuters.com

Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше қатты жарылыстар болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келді, адам шығыны да бар. Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандықтардың зардап шекпегенін жеткізді.

"Жарылыс туралы ақпарат алғаннан кейін біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр. Біздің дипломаттар олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де зиян тиген болатын, ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ",– дейді министр.

Айта кетсек, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар, оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Жақында ғана ол жақтағы үшінші топты төртінші топ алмастырды.

Министр қазір ротация процесі жүріп жатқандығын, қазақстандық бітімгерлердің қызмет өтетін орындарына аман-есен жеткендігін айтып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу