Бейжіңде Абай мұрасына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

349

​Қытай астанасы Бейжіңде Абай күніне орай қазақтың ұлы ақынының шығармашылығы мен рухани мұрасын талқылауға арналған "Абай – ұлы тұлға" атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Бейжіңде Абай мұрасына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығында өткен шараға екі елдің дипломаттары, ғалымдар, жазушылар, аудармашылар және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Кездесуде Абайдың шығармашылық мұрасы, философиялық ойлары, "Толық адам" тұжырымы және оның адамгершілік құндылықтары сөз болды. Қатысушылар ақын еңбектерінің қазіргі мәдениетке ықпалы мен қазақ-қытай гуманитарлық байланыстарын дамыту мәселелерін де талқылады.

Шара аясында Бейжіңдегі Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Сонымен қатар қатысушылар Абай мен қытай ойшылы Конфуцийдің философиялық көзқарастарындағы үндестіктерге тоқталды.

Жиында Абай мұрасын Қытайда кеңінен насихаттау мәселесіне де назар аударылды. Бүгінде қытайлық зерттеушілер мен қаламгерлер ақын шығармаларын зерттеп, қытай тіліне аударып келеді. Ал Бейжіңде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Абай оқулары" екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға ықпал етіп келеді. Биыл бұл бастама халықаралық дөңгелек үстел форматында жалғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу