Бейжіңдегі Олимпиада ойындары: екінші жарыс күнінің кестесі

925

Қытайда төржылдықтың басты додасы – Олимпиада ойындары басталды. Ақ Олимпиада Ұйымдастыру комитеті, Халықаралық Олимпиада комитеті және Қытай билігінің талаптары мен ережелеріне сай өтуде. 

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары: екінші жарыс күнінің кестесі

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың екінші жарыс күніндегі кестесін назарларыңызға ұсынады. 

Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады. 

Сондай-ақ, бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстандықтар салтанатты рәсімді "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" арналарынан көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады. 

Шаңғымен тұғырдан секіру. Ресми жаттығу

Сергей Ткаченко, Даниил Васильев

Басталуы: 16:00

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу