"Bek Air"-ге тағы бір мүмкіндік берілді

705

Кемшіліктер 6 айдың ішінде жойылуға тиіс.

"Bek Air"-ге тағы бір мүмкіндік берілді

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Бек Эйр" АҚ-ның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын қаншалықты сақтағаны туралы жоспардан тыс тексеруді аяқтады. Бұған дейін авиациялық қозғалтқыштарды пайдалануда өрескел заңсыздықтар туралы хабарланған болатын. 

"Тексеру нәтижелері әуе компаниясына жолданды. Кәсіпорын 10 күн ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне барлық бұзушылықтарды жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарын ұсынуы тиіс. Егер тексеру анықтаған бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, әуе кеңістігін пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарып алынады", – делінген Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу