Bek Air қызметін 10 қаңтардан ерте бастамайды

1153

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ басшысы Питер Гриффитстің айтуынша, оператордың сертификаты 10 қаңтардан ерте жаңартылмайды.    

Bek Air қызметін 10 қаңтардан ерте бастамайды

Bek Air компаниясының қызметі 10 қаңтарда басталады. Бұл туралы "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ басшысы Питер Гриффитс елордада өткен баспасөз конференциясында айтты.

"Оператордың сертификаты 10 қаңтардан ерте жаңартылмайды. Тергеу аяқталғаннан кейін ғана. Сонымен қатар халықаралық инспекторларды тарту арқылы жұмыс жүргізілетін болады, тек содан кейін олардың есебінің негізінде одан әрі шаралар қабылданатын болады", ­– деді Питер Гриффитс елордада өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл 14-21 күнге дейін созылуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, жұма күні Алматы маңында Fokker-100 апатқа ұшырағаннан кейін, Қазақстанның авиация билігі Bek Air және Fokker-100 жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Енді үкіметтік комиссия алдын ала қорытындыларды 10 қаңтарға дейін ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу