"Бекі-Басқұдық" су құбырын іске қосу кезінде ақау анықталды

317

Құбырларды жаңартуға 315 млн теңге бөлінді. 

"Бекі-Басқұдық" су құбырын іске қосу кезінде ақау анықталды Фото: А. Садатқызы

Маңғыстауға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров пен ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов "Бекі – Басқұдық" су құбырын қалпына келтіру мәселесі бойынша Бекі ауылына барды. Іске қосу кезінде ауылда ақау шыққандықтан тұрғындар ауыз суды бұрынғыша көліктермен тасып ішіп жүр, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Сенат депутаты Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, "Бекі – Басқұдық" су құбырын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 273 млн теңге, жергілікті қазынадан 42 млн теңге бөлінген. Қазір қаражат толығымен игерілді. Алайда, 33 шақырымдық сумен жабдықтау жүйесін іске қосу кезінде мәселе туындады.

"Бұл мәселені оң шешу үшін су құбырын жергілікті атқарушы органдардың меншігіне толығымен беру қажет", - деді Бекбол Орынбасаров.

Вице-министр "Бекі-Басқұдық" су құбыры қаңтар айының соңына дейін жергілікті әкімдіктің балансына берілетінін және мәселе екі жыл ішінде толық шешілетінін атап өтті.

"Ақау анықталған құбырдың 7-ші шақырымындағы жағдайды түзету үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, ашық тендер жарияланады. Содан кейін ғана жөндеу басталады. Оған дейін, Бекі ауылының тұрғындарына тіршілік нәрі су таситын көлікпен жеткізілетін болады", - деп толықтырды Ерболат Ибрайханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу