Бектенов 1 ай ішінде бай-бағландарға салық салу тәсілін әзірлеуді тапсырды

235

Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері халықаралық тәжірибені зерделеуі тиіс.

Бектенов 1 ай ішінде бай-бағландарға салық салу тәсілін әзірлеуді тапсырды Фото: informburo.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов аса ауқатты азаматтарға салық салу тәсілдерін енгізу бойынша құзырлы министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексіне енгізілетін нақты түзетулер легін пысықтасын және мемлекеттік органдармен жедел келісуді қамтамасыз ету қажет.

"Бөлек мәселе – бай-бағландарға арналған салық мөлшерлемесі. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері бір ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеп, аса ауқатты азаматтарға салық салу тәсілдерін енгізсін. Қаржы министрлігі жергілікті жерлерде салықтардың жиналуын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдасын, сондай-ақ көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуді қамтамасыз етіп, салық және кедендік әкімшілендіруді, оның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, толық цифрландыруды аяқтасын", – деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін ірі дәулет иелеріне жоғары салық салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу