Беларусьтың Қырымды Ресейдікі деп қашан мойындайтыны жарияланды

3636

Украина, ЕО елдері және АҚШ-тың түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия деп отырғаны белгілі.

Беларусьтың Қырымды Ресейдікі деп қашан мойындайтыны жарияланды

"Соңғы ресейлік олигарх" Қырымға өнімдерді тасымалдай бастаған кезде, Беларусь Қырымды Ресейге тиесілі деп мойындайды. Бұл туралы Беларусь басшысы Александр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Беларусь Қырымды қашан мойындайды? Мен көпшілік алдында бұл сұрақтың жауабын айтайын: Ресейдегі соңғы олигарх Қырымды мойындап, сол жерге өнімдерді тасымалдай бастағанда. Содан кейін осыған қатысты шешім қабылдаймын", – деді Лукашенко.

Мемлекет басшысы көп нәрсе оған тұсау болса  да бұл қадамға баратынын жеткізді.
"Будапешт декларациясы есіңізде ме? Біз оған қол қойған едік. Олардың қатарында Назарбаев, Ельцин, Лукашенко, Клинтон, менің ойымша, Тони Блэр және Ұлыбританиядан тағы басқа біреу болған сияқты. Сол құжатты оқыңыз. Бірақ маған бұл құжат кедергі бола алмайды", – деп басып айтты ол.

Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу