Белградта санитарлық шараларға қарсы ереуіл кезінде 17 адам жарақат алды

496

Тағы да 19 полицей зардап шеккен.

Белградта санитарлық шараларға қарсы ереуіл кезінде 17 адам жарақат алды

Сербия астанасы Белград қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 17 ереуілші мен 19 полицей зардап шекті. Бұл дүмпудің басталуына биліктің коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты санитарлық шараларды күшейту туралы шешімі себеп болған.

Ресми дерекке сүйенсек, бір полицейді көлік қағып өткен. Жарақат алғандардың барлығы да ауруханаға жеткізілген. 

Шаһардағы бас көтерулердің басталғанына екі күн болды. Бұған дейін хабарланғандай, сейсенбіде 43 полицей мен 17 тұрғынның жарақат алған еді. Сонымен қатар тәртіпсіздікті ұйымдастырған 23 адам қамауға алынды. Жергілікті полиция басшысы Владимир Ребичтің сөзінше, тәртіп сақшылары ереуілді басуға дайын болмаған. Қазір наразылық шарасына қатысқандардың аты-жөні анықталып жатыр. Жуырда олар жауапқа тартылатын болады.

Соңғы мәлімет бойынша, Сербияда коронавирус жұқтырғандардың саны 16 мыңнан асып, 300-дей адам қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат
Фото: gazeta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу