Белсенді шағын компаниялардың 25 пайызы сауда саласында

818

Тіркелген шағын компаниялардың үлесі 30%-ға дейін қысқарды.

Белсенді шағын компаниялардың 25 пайызы сауда саласында

Астаналар – саудамен айналысатын шағын бизнестің дамуы үшін қолайлы орта. Онда сауда саласындағы компаниялардың тең жартысы орналасқан. Сауда кәсіпорындары ең аз шоғырланған аймақтар – Түркістан және Қызылорда облыстары. 

Finprom.kz ақпаратына сүйенсек, 2019 жылдың қазан айында бөлшектік және көтерме сауда, сондай-ақ автокөлік пен мотоцикл жөндеу салаларында 131 мың шағын кәсіпорын тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2% артық. 

Осы жылы тіркелген шағын компаниялардың үлесі 30,6%-дан 30%-ға дейін қысқарды.
Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны  – 81,1 мың шағын компания, бір жылдағы өсімі – 11,4%. 
Барлық тіркелген шағын сауда кәсіпорындарының жартысына жуығы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі – 43,1 мың және 21,1 мың. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары: 24,2 мыңы – Алматыда және 14 мыңы – Нұр-Сұлтанда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу