Бензин құйып, өртеп жіберген Олимпиада қатысушысы қайтыс болды

176

Күні кеше Ребекканы бұрынғы жігіті Диксон Ндима Рид мүлік дауына байланысты спортшы Ребекка Чептегеи үстіне бензин шашып, оны өртеп жібергенін хабарладық. 

Бензин құйып, өртеп жіберген Олимпиада қатысушысы қайтыс болды Фото: / Narnabi / Rebecca Cheptegei (re-sized)

Бүгін суық хабар келді – Париж Олимпиадасына қатысып, мәрені 44-ші болып кескен Ребекка Чептегеи қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Спортшы шұғыл түрде Эльдореттегі Moi University and Referral Hospital университеттік ауруханаға жеткізілген. Алайда спортшыны  құтқарып қалу мүмкін болмады, 33 жастағы Ребекка бірнеше күн реанимациядан кейін ауруханада көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталуда.

Ребекка Чептегеи тек зорлық-зомбылықтың құрбаны ғана емес, сонымен қатар өз елін 2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарында халықаралық деңгейде танытқан дарынды спортшы. Ол әйелдер марафонында жарысқа қатысып, 44-орынға ие болды. Сонымен қатар Таиландта өткен 2021 жылғы таулы және трассалық жүгіруден әлем чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу