Берік Уәли: Келер жылы еңбек адамына зор құрмет көрсетіледі

330

2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жарияланды.  

Берік Уәли: Келер жылы еңбек адамына зор құрмет көрсетіледі Фото: gov.kz

Қоғамда адал еңбек, адал азамат құндылықтарын сіңіру жолындағы жүйелі істер атқарыла бастады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің  Egemen Qazaqstan газетіне шыққан мақаласында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялады. Яғни қоғамда адал еңбек, адал азамат құндылықтарын сіңіру жолындағы жүйелі істер атқарыла бастады. Мысалы, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты заң медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін айқындап қана қоймай, олардың мәртебесін арттыруды, кәсіби міндетін атқару барысында жан-жақты қорғауды көздейді. Дәрігерлер қауымы бұл жаңалықты ыстық ықыласпен қабыл алды", - делінген мақалада.

Берік Уәли елімізде тұңғыш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы бекітіліп, алғашқы иелеріне табысталғанын баса айтты.

"Жалпы, биыл мемлекеттік наградаға еңбегімен үлгі болып жүрген ел азаматтары көп ұсынылды. Келер жылы бұл игі дәстүр жалғасын тауып, еңбек адамына зор құрмет көрсетіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы білім мен технологияға негізделген экономика құру ісіне зор көңіл бөледі. Мұның бір көрінісі ретінде биыл Ғылым және технологиялық саясат туралы заңға қол қойылуын айтуға болады", - деп жазады ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы.

Онда ғылыми жетістік­тердің нәтижесін өндіріске енгізуді көздейтін технологиялық саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктері барынша қамтылды.
 
Айта кету керек, осыған дейін 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу