Бес ай сайын өзгеріс енгізілетін заңдар бар

1775

Кей заңдардың өзгеру жиілігіне талдау жасалды.

Бес ай сайын өзгеріс енгізілетін заңдар бар

"Тұрақтылық – бизнес өркендеуінің кепілі. Инвесторлар қаржысын саяси, экономикалық тұрғыда тұрақты мемлекетке әкеледі" деген сарында айтылатын сөздерді жиі естіп қалып жатамыз. Тұрақтылықтың тағы бір көрінісі – мемлекеттің заң шығару жүйесінен де көрініс табатыны белгілі. inbusiness.kz қолданыстағы кейбір заңдардың өзгеру жиілігіне талдау жасады.

Мысалы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң алғаш рет 1999 жылы 23 шілдеде қабылданып, бүгінгі күнге дейін 20 жыл 4 ай ішінде 43 мәрте өзгеріске ұшыраған. Яғни орташа алғанда, БАҚ туралы заң алты айға жетер-жетпес уақыт ішінде бір өзгеріп тұрады. "Жарнама туралы" заңның да бес айда бір өзгеретін әдеті бар көрінеді. Жақында тағы өзгеріске ұшыраса, еш таңқалмауға болады. Ал тарихы 2016 жылдың 9 сәуірінде ғана басталатын "Пошта туралы" заң үш жарым жыл ішінде тоғыз рет жаңартылып үлгеріпті. Яғни бес айдан аз уақыт ішінде бір өзгеріске түсіп отырады.

1995 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасының Президентi" туралы заң мен "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" заң өзгеріске біршама сирек түскен. Бұл заңдар 1999 жылы жаңарған. Содан бері 24 жылға жуық уақыт ішінде оншақты рет өзгерген. ҚР Президентi туралы заң орташа алғанда 29 айда бір жаңарып отырса, ҚР Үкіметі туралы заң 36 айда бір өзгереді екен.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу