Бес қазақстандықтың үшеуі мемлекеттік қызметті орыс тілінде алуды жөн санайды

1543

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі елімізде жүргізілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелерін ұсынды. 

Бес қазақстандықтың үшеуі мемлекеттік қызметті орыс тілінде алуды жөн санайды

Зерттеуге мемлекеттік органдар мен "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы көрсететін 70 қызметтің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты халықтың пікірлері мен ұсыныстары негіз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша мемлекеттік органдарға жүгінгендердің 56,9%-ы қызметтерді орыс тілінде, 43,1%-ы қазақ тілінде алған.
 
Аймақтар бойынша Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде орыс тілі жиі қолданылды: респонденттердің 91,5% осылай жауап берген.  Қостанай (85,3%), Павлодар (85,1%) және Ақмола (82,2%) облыстары мемлекеттік қызметтерді алуда ұларалық тілді таңдаған.

Сонымен қатар елордадағы көрсеткіштер 72,7%, Алматы (71%), Қарағанды ​​(67,1%), Шығыс Қазақстан (67,1%) және Батыс Қазақстан (54,8%) облыстарында да аталмыш статистика жоғары.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Түркістан (85,6%), Қызылорда (80,2%) және Атырау (78%) облыстарының тұрғындары басымдық берген.

Осылайша, елдің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында мемлекеттік қызметтерді орыс тілінде алса, Оңтүстік және батыс аймақтарда мемлекеттік тілге иек артқан. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу