Бес мемлекеттің балуандары қатысатын халықаралық турнир басталды

1399

Бес мемлекеттің балуандары қатысатын халықаралық турнир  басталды

Шымкенттегі жеңіл атлетика спорт кешенінде қазақ күресінен даңқты балуан, қазақ  даласының батыры, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы халықаралық турнир  басталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бес мемлекеттен келген 200-ден астам балуан бас жүлдеге тігілген темір тұлпарды сарапқа  салады.

Жарысқа   Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан  және  Қазақстаннан ең  таңдаулы  деген   балуандар  шақырылды. Сонымен  қатар, "Қазақстан  барысына"  қатысып,  жүлде  алған  бес  балуан  да боз  кілемде  белдеседі. Олардың  арасында Ұлан  Рысқұл,  Мұхит  Тұрсынов, Жұманазар  Ерсұлтанов  сынды  атақты  спортшылар  да  бар. Турнирдің  түйе  балуанына   батырдың  жатқан  жері, Ордабасы  ауданының  әкімі  Рашид Қайыпжанов темір  тұлпар  тікті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу