7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов төртінші қабаттың балконында ілініп тұрған баланы аман алып қалды. Сәби тек қоршаудан ғана ұстаған.
Еске сала кетсек, оқиға астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған. Аулада ойнап жүрген балалар балконда ілініп тұрған баланы байқап, Ақанды көмекке шақырған. Ол мән-жайды түсініп, кіре беріске жүгіріп кіріп, төртінші қабатқа жетіп, баланы аман алып қалды.
Кейіпкер N31 мектеп-гимназиясының 7 "Д" сынып оқушысы.
Оқушыға ерлігі үшін мақтау қағазы мен сыйлық табыс етілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу