Суға батқан үндістандық студенттердің денесі әлі іздестіріліп жатыр

700

Іздеуге "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Суға батқан үндістандық студенттердің денесі әлі іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында Ақсу өзеніне Үндістаннан келген екі студент батып кеткен еді. Оқиға 26 маусымда экскурсия барысында болған.

Жер бедері күрделі әрі өзен ағысы қатты болғандықтан іздестіру қиынға соғып жатыр. Операцияға "Қазавиақұтқару" тікұшағы сондықтан жұмылдырылды. Құтқарушылардың өзіне де қауіп бар. Себебі су лай, түбі беймәлім, қатты ағыс ағаштарды сындырып, ағызып алып кете алады. Су түбінен жағаға шығарылған бұтақтар таудай үйіліп қалған.

Операцияға төтенше жағдай департаменті, полиция және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (барлығы 58 адам) және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Эхолот қолданылады.

Экскурсияға Шымкент қаласынан 21 студент келген. Барлығы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқиды, 

Суға батқан екі студент 21 жаста. Үндістан азаматтары. Оларды су ағызып әкетіп бара жатқан сәті әлеуметтік желіде таралған. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бұл жерге шомылуға тыйым салынғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу