"Бесінші сәбиін күтіп жүрген": Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды

335

Сол күні ер адам әйелін ультрадыбыстық тексеруге апара жатқан. 

"Бесінші сәбиін күтіп жүрген": Ақмола облысында жүкті әйел мен күйеуі жол апатынан көз жұмды Фото: canva

Ақмола облысында тас жолда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көпбалалы жүкті әйел және оның жұбайы көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, "Ақсу – Бестөбе – Изобильное" автожолында "LADA Largus" және "Toyota Land Cruiser Prado" көліктерінің қатысуымен жол апаты орын алған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан "LADA Largus" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болудың, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын үнемі бақылауда ұстаудың маңызын еске салды.

Белгілі болғандай, жол апатынан төрт баланың анасы, бесінші сәбиін күтіп жүрген әйел және оның жұбайы қаза тапқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу