Сондай-ақ психологиялық және материалдық қолдау ұсынылады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Айта кетейік, көлік қағып кеткен алты баланың үшеуі көз жұмды, тағы үшеуі дәрігерлердің бақылауында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астанадан ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік ұшағымен Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары жеткізілді.
Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, қара жамылған отбасыларға барлық қолдау шаралары көрсетіледі. Әкімдік мәліметінше, оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр.
"Жағдай ерекше бақылауда", – делінген ресми хабарламада.