"Жүрек талмасы ұстағаннан": Бестеректе 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады

423

Көлік тізгіндеген азаматтың жүрек талмасы ұстап қалған.

"Жүрек талмасы ұстағаннан": Бестеректе 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады Фото: Бейнежазбадан

Жақында Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында сұмдық апат болды. Үш бала ажал құшып, тағы үшеуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Информбюро" бағдарламасы көлік тізгінінде болған жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлынан сұхбат алды.

"Жүрек талмасы ұстағаннан кейін рөлге ие бола алмай қалған. Жанында анам болған. Оқыс жағдай қас-қағым сәтте болған. Өте қайғылы жағдай болып жатыр. Бәріне көңіл айттық, кешірім сұраймыз. Мұндай сынақты ешкімнің басына бермесін", – деді жүргізушінің баласы.

Айта кету керек, бұған дейін Бестеректе 6 баланы қағып кеткен 55 жастағы жүргізуші 2 айға қамауға алынғанын жазғанбыз

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бестерек ауылында болған жол апаты салдарынан балаларынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу