Бестеректегі апат: Жүргізуші марқұм балалардың отбасыларына 50 млн теңге төлейді

108

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 Бестеректегі апат: Жүргізуші марқұм балалардың отбасыларына 50 млн теңге төлейді Фото: Бейнежазбадан

Абай облысы Бестерек ауылында төрт баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп танылған жүргізушіден марқұмдардың ата-анасына 50 миллион теңге моральдық шығын өндірілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот материалдарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің эпилепсия ұстамасы ұстап, соның салдарынан көлікті басқара алмай қалған. 

Сот жаза тағайындау кезінде істі жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде ер адамның кінәсін мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді.

Сот отырысының қорытындысы бойынша жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер моральдық шығын үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу