Бестөбе кентінде алтын шахтасына заңсыз түсетін орын анықталды

509

Бүгінгі таңда шахта жұмыс істемейді.

Бестөбе кентінде алтын шахтасына заңсыз түсетін орын анықталды Фото: polisia.kz

Полицейлер Бестөбе кентіндегі жұмыс істемейтін шахталарға заңсыз кіру дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz ІІМ-нің Телеграм арнасына сілтеме жасап. 

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Бестөбедегі тұрғындардың бірінің ауласында шахтаның төменгі көкжиектеріне кіруге арналған орынды анықтады. 

"Халық арасында "құбыр" деп аталатын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі көкжиектеріне түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу