БҒМ сайтында электронды оқулықтар жарияланды

2762

 БҒМ сайтында электронды оқулықтар жарияланды

ҚР БҒМ алғаш рет өзінің сайтына оқулықтардың электрондық нұсқасын орналастыра бастады. Онда ең алдымен бірінші сыныптарға арналған мазмұны жаңартылған оқулықтар салынды.

"Енді әр оқушы, ата-ана бұл электрондық білім беру ресурсына еркін кіріп,  оны өздеріне қолайлы кез келген уақытта пайдалана алады. Оқулықтардың электрондық нұсқасын қазақстандық баспалар ұсынған, олар биыл барлық бірінші сынып оқушылары үшін оқулық шығарды", –  делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Білім ведомствосы атап өткендей, интерактивті оқыту құралы кез келген жастағы оқушы үшін білімді қызықты да тартымды ете түседі.

"Электрондық оқулықтарды пайдалану - қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағытына сәйкес келеді, әрі ол оқушылардың бағдарламаға қызығушылығын артттырады", – делінген таратылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу