Бидай экспорты бір жылда 27%-ға артты

1349

Сектордағы экспорттық бағалар 21%-ға өсті.

Бидай экспорты бір жылда 27%-ға артты

Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында ел компаниялары 764,4 мың тонна бидай мен қаба бидай қоспасын экспорттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4%-ға жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Ақшаға шаққанда экспорт 175,5 млн долларға жетті, яғни бір жыл ішінде 39,3% өсті.

Экспорттың басым бөлігі ТМД елдеріне жіберілді: 557,7 мың тонна. Мұнда Өзбекстан қазақстандық бидайдың негізгі импортері болып отыр. Қазақстанның ТМД елдеріне шығаратын барлық экспортының 71,5% аталған елге тиесілі. Екі айда Өзбекстан 84,5 млн долларға 39,5,6 мың тонна бидайды импорттады.
Қазақстан ТМД-дан басқа әлем елдеріне 206,7 мың тонна бидай жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,5% жоғары. Негізгі импорттаушылар - Ауғанстан, Қытай, Иран.

Жалпы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында еліміз сыртқы нарықтарға 1,2 млрд долларға 5,2 млн тонна бидай жеткізді. 

2021 жылдың ақпан айының соңында бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 21,1%-ға, бір айда 0,6%-ға өсті. ТМД елдері үшін бағалар жылдық динамикада 19,3%-ға, әлем елдері үшін - 24,1%-ға өсті.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының соңында бидай бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ға жоғарылаған еді. 

Негізгі астық егетін аймақтарда егін науқаны мамыр айының ортасында басталмақ. Жабдықтарды дайындау жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Жаппай жұмыс басталғанға дейін жабдықтар 100% дайын болуға тиіс. Облыстық әкімдіктердің мәліметтері бойынша, бүгінде 2,4 млн тонна тұқымдық дән әзірленген. Бұл жоспардың 100,4%-ын құрайды. Сонымен қатар, фермерлерге 136,2 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу